• БАҚЫТ ҚҰСЫҢДЫ  БАСЫҢА ҚОНДЫРУДЫҢ  ҚҰПИЯЛАРЫЖаңа кітап
  • Бақыт құсыңды басыңа қондырудың құпияларыАудио дәріс
  • Image 02 2-ші кітап
  • Image 03 3-ші кітап
  • Image 04 4-ші кітап
  • Кедейшіліктен қалай құтылуға болады5-ші кітап

Оқырмандардың пікірлері. Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын!

Құрметті Әсет аға!
тағдыр қаттырақ,
аға, ақ пырақ.
мәңгі сөнбейтін,
сізде шам–шырақ!

Сәкен Мұздыбаев. ШҚО, шахтер. 22.03.2010 жыл

Аса қымбатты Әсет мырза!

Көптен іздегенім, көктен сұрағаным жерден табылғанына, сіз сияқты замандасымның бар болғанына өте қуаныштымын! Басқа елдің авторларына табынып, сүйсініп жүргенде мынандай көктемнің шуақты күнінде сіз маған жаратқанның керемет сыйлығы болдыңыз! Сізді қазақтың Джо Виталесі мен Джозефф Мерфиі десем артық айтпайтын шығармын! Сіздей АЗАМАТТАР Қазақстанда көбейе берсін! Құдай қолыңызға қуат, өміріңізге шуақ берсін! Өмір сұрағына жауап таба алмай жүрген мен сияқты миллион қазаққа Алланың нұрын жеткізе беріңіз!

Құралай Ошақбаева, 20.04.2010 10:47

Құрметті Әсет аға!

Сізге басымды иiп алғысымды білдіруге рұқсат етіңіз. Сіздің жазған кітаптарыңызды қазір оқи бастадым. Қатты әсер аламын сіздің терең ойларыңыздан. Сізге зор денсаулық және таусылмас шығармашылық табыс тілеймін.

Тілек білдіруші, Асыл Жақыпбек.
май 2010 в 12:57. Канада, Монтреаль

Кетіп қалған періштелерін, бақ құсын қайта қондыру. 7 ұрпағына дейін қорған салу

Сеанста отырған адам: «Иа, Аллам менің бойымдағы кетіп қалған періштелерімді қайта қондыра гөрші», – деп айтуы керек. Сонда бірнеше секундтан кейін оның иығына періштелер қона бастайды. Періште қонған соң: «Иа, Алла осы бергеніңе шексіз тәубе, шексіз шүкіршілік», – деп жаратушыға алғысын білдіреді. Періштелер қанаттары бар кішкентай балалар кейпінде келеді. Сандары әр түрлі болады.

Екінші қадам: «Иа, Алла менің басыма бақ құсымды қондыра гөрші», – дейді. Сол кезде оның басына қалықтап кеп, аппақ болып, бақ құсы қонады. Әр кімге әртүрлі құс бейнесінде көрінеді. Сосын тағы да: «Иа, Алла осы бергеніңе шексіз тәубе, шексіз шүкіршілік», – деп жаратушыға алғысын білдіреді.

Осыдан кейін Алладан қорған сұрайды. «Иа, Алла менің бойыма (бүкіл отбасы мүшесінің аты-жөнін атап шығуына болады) және болашақ жеті ұрпағыма дейін, қара дұғадан, тіл көзден, жын-шайтан перілерден, төменгі әлемнің жан иелерінен, қаралықтардан қорғайтын, қоршайтын қорған салып бере гөрші», – деп сұрайды. Осы кезде Алланың құдіретімен, аты аталған адамның бәріне жоғарыдан қорған түседі. Қорған әр түрлі бейнеде түседі. Атап айтсақ: киіз үй, темір қақпа, қорған, пирамида т.б. Көп адамды көрсе, ол оның жеті ұрпағы. Бұл да Құдайдың бір құдіреті. Сол сияқты үйіне, автокөлігіне де қорған қоюға болады. Сеанс

Маскүнемдік жазыла ма? Әрине жазылады

"Арақтан, ішімдіктен сақтаныңдар, өйткені ол барлық жамандықтың кілті".          Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

         Маскүнемдік жазыла ма? Әрине жазылады.

 Бұның себебі, Ғазиз жанның тұңғиығында тығылып жатыр. Араққа үйір адамдардың Ғазиз жанында белгілі бір тәртіп бағдарламасы бар. Бұны «маскүнемдік бағдарламасы» дейді. Ол тұқыммен беріледі немесе тіршілік кешу барысында рухани соққы алудың әсерінен қалыптасады. Маскүнемдікті емдеу үшін осы бағдарламаны тауып, оны залалсыздандырып, салауатты өмір сүру тәртібінің жаңа бағдарламасын құру керек. Басқаша айтқанда, ескі әдеттен арылып, жаңа әдетті қалыптастыру қажет.

Әлемге әйгілі атеистердің өлім алдындағы соңғы сөздері

13 – Рағыд сүресі: 31 аят. «Олар, егер Құран арқылы таулар жүргізіліп, жер бөлшектеніп және өліктер сөйлестірілсе де (сенбейді.) Алайда барлық іс Аллаға тән. Мүміндер аңғармады ма? Алла қаласа еді, адамдарды тұтас тура жолға салар еді. Қарсы болғандарға Алланың уәдесі келгенге дейін қылықтарының салдарынан үнемі соққы жетеді немесе жұрттарының маңына түседі. Күдіксіз Алла серттен таймайды». Құран Кәрім, қазақша мағына және түсінігі. 253 бет.

Бірде ғалымдар тобы зерттеу жүргізді. Мақсаты: өлім алдында әлемге мәшһүр атеисттердің соңғы сөздері, іс әрекеттері қандай болғанын анықтау болатын.

 ФРИДРИХ НИЦШЕ - философ:

Есінен ауған күйінде темір торда иттерше үріп қай- тыс болды.

ВОЛЬТЕР - ұлы сайқымазақ:

Оның соңғы сәттері тіпті қорқынышты. Түні бойы кешірім сұраумен азаптанды. Оның жеке медбикесі: «Еуропаның барлық ақшасын берсе де, мұндай өлімді қайта көрмес ем… имансыздың өлімін» деген екен.

ДАВИД ХЬЮМ — атеист. Өлім алдында бір сөзді қайталаумен болды: «Мен алаулаған от ішіндемін!» Оның зары өте қорқынышты болатын…

НАПОЛЕОН — император. Оның дәрігері өз естеліктерінде жазғаны осы: «Им- ператор толық жалғыздықта жанын тапсырды. Өліммен айқасы тіпті үрейлі көрінді»

ВОЛЬФГАНГ ГЁТЕ - ақын

«Жарық жетіспеуде!»

ЛЕНИН - Құдайсыз Кеңес үкіметін орнатқан. Азамат соғысында 22 млн адамды қырған. Мүрдесін жер әлі қабылдамай жатыр.

Толық ессіздікте қаза тапты. Миллиондаған адамдар үшін көсем болған ол, соңғы секундтарда үстелдер мен орындықтардан тізерлеп отырып кешірім сұраған.

УИНСТОН ЧЕРЧИЛЛЬ — ағылшын премьер- министрі:

 «Неткен ақымақ едім!»

ЯРОСЛАВСКИЙ — атеисттік халықаралық ұйымның президенті:

«Өтінемін, менің бүкіл кітаптарымды өртеңіздер! Мен қателестім».

Бразилия саятсаткері Танкредо ди Амейдо Невес сайлау алды бағдарламасында:

«Егер мен 500 000 дауыс жинасам, ҚҰДАЙДЫҢ өзі тақтан мені тайдырмас» деген. Әрине, ол бұл дауысты жинады, бірақ президенттікті қабылдауға бір күн қалғанда жасынан ерте озды. 

Бақыт құсыңды басыңа қондырудың құпиялары атты кітаптың авторы Әсет Ризаұлы Мұқашбеков жайлы

«О, адамдар! Біз сендерді еркек, қатын қылып жараттық, сендерді халық, ұлт қылып ерекшеледік. Себебі, сендер бір-бірілеріңді салт-дәстүрлеріңмен білу үшін. Сендердің Алла алдындағы имандылықтарыңның түп қазығы салт-дәстүрлеріңде. Ақиқатында - Алла бәрін білуші!». (Құран 49 : 13).

Жаратушының теориялық рухани ілімі тек таңдаулыларға беріледі, ал халықтың салт-дәстүрі жалпыға бесікпен беріледі. Рухани ілім неғұрлым халықтың салт-дәстүріне жақын түсінікті болса, сол халықтың рухани деңгейі жоғары болады! Кеңес өкіметіне дейін қазақ халқы дәл осылай болған. Қазіргі заманда Рухани ұстаздары бар, олардың соңынан еріп, жазған кітаптарын түсініп оқитын халық бақытты! Киелі кітаптар ақылдыға да, ақымаққа да тықпалап үйретілетін халық бақытсыз... Себебі, олар рухани ілімді өзінің қалауы бойынша мағынасын өзгертіп алады.

Әрбір пенде баласы Ғарыштың бір бөлшегі. Сондықтан, ол соның заңдылығымен өмір сүруі қажет. Егер ішкі жан-дүниеңде үйлесімділік болса, онда сыртыңда да үйлесімділік болады. Ғарыш әлемінің заңдылығын түсіндіру әрекеті, сонау ықылым заманнан бері келе жатыр. Әртүрлі дін ағымдарында хадистер, сүрелер, аяттар түрінде берілген. Бізден қажет ететіні, тек қана осыларды түсіну. Бұрынғы адамдар, қазіргілермен салыстырғанда анағұрлым иманды болған. Олар табиғат заңдарын, киелі кітаптардағы қағидаларды бұзбауға тырысқан.

Алғы сөз

Құрметті оқырман, Әсет Ризаұлы Мұқашбеков өздеріңізге «Бақыт құсыңды басыңа қондырудың құпиялары» атты кітабын ұсынып отыр. Бұл кітап расымен де екінің біріне ашыла бермейтін тылсым ілімнің құпиясын өздеріңізге сыйға тартады. Әсет Ризаұлы осы ілімді пайдаланып, қаншама адамға көмектесті, жолы болмай жүрген көптеген адамдар бақытқа кенеліп, рухани ілім арқылы өмірін түзеді. Енді осы ілімді пайдаланып, сіз де бақытқа қол жеткізуіңізге болады. Бұл рухани ілімді үйрену үшін сізге ерекше қасиет пен жоғары білім туралы дипломның қажеті жоқ. Тек жан тазалығы мен ар тазалығы керек. Бұл ілімді тек игі мақсат пен жақсылық үшін ғана қолданған абзал.

Әсет Ризаұлы Мұқашбеков 1951 жылы тамыз айының 25 жұлдызында бұрынғы Семей облысы, Ұржар ауданы, Науалы ауылында дүниеге келген. Сүйегі: Найман – Қаракерей – Байыс – Тума – Ақша – Қарабас – Қожакелді – Көкі –Қылқабай – Босқынбай – Жолбарыс – Мұқашбек – Риза – Әсет. Атасы Мұқашбек Жолбарысұлы белгілі молла, аса дәулетті жан еді. Диқаншы, тоған басы болған. 1936 жылдары Ұржар ауданында Елтай ауылы мен Науалы ауылының арасында өзі түйе сойып, асар жасап, су ағатын тоған қаздырған. Бертінге дейін ол Мұқашбек тоғаны деп аталған. ХІХ ғасырдың аяғында Арабиядан арнайы шақыртумен келіп, Тарбағатай өңіріне ислам дінін таратқан миссионер Ғабдішүкір әулиенің 40 шәкіртінің бірі. 1918 жылы қызылдар Ғабдішүкір әулиені намаз  отырған жерінде шауып өлтіреді. Зираты: Қытайға баратын Науалы - Мақаншы күре тас жолының оң жағындағы «Барақбай» деген жерде.

Мұқашбек халық арасына «қара молла» деген атпен белгілі, ерекше қасиет пен кие қонған, қара суды теріс ағызған рухани ілімі ерекше жоғары зиялы адам болған. 1937 жылы желтоқсан айының 19 жұлдызында Мұқашбекті Құдайға сенеді, Жаратушыға жалбарынады деп НКВД тұтқындаған. Мұқашбек тұтқындалып қамауға алынғаннан кейін жары Қазыкей Қалқұлқызы (сүйегі Болатшы) көп ұзамай құсадан қайтыс болып, балалары Риза, Рәш, Райхан Науалыдағы балалар үйіне тапсырылған. Ризаны халық жауының баласы деп шашының жартысын алып тастап, қорлаған. Жақсы оқыса, «жаудың баласы» әдейі жақсы оқиды. Нашар оқыса, әдейі нашар оқиды деп жас баланы жәбірлеген. Риза бұл қорлыққа шыдай алмай 13 жасында балалар үйінен қашып кетіп, колхозға есепші болып орналасады. 1944 жылы әскерге алынып, 1950 жылға дейін Германияда, Польшада Кеңес үкіметінің басқыншылық әскерінің қатарында болады. Ұлы Отан соғысының ардагері. Риза Мұқашбекұлының қарындастары Рәш пен Райхан осы балалар үйінде жетімдіктің зардабынан біреуі 3 жасында, екіншісі 5 жасында өлген.

(Ескерту: Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Әсет Ризаұлы атасы Мұқашбек Жолбарысұлының сүйегі Алматының жанындағы «репрессия құрбандарының» сүйектері көмілген Жаңалық ауылындағы бауырластар зиратында екенін анықтады. 1937 г. Тройкой УЕКВД Алма-Атинской обл. По ст. 58 и 58-2 УК РСФСР к ВМН. 20.02.38г. Приговор приведен в исполнение). Ол кезде Ұржар ауданы Алматы облысының құрамына кірген.

Әсет Ризаұлы 13 кітаптың авторы. Атап айтсақ:

1. «Жасару құпиясы» – 2006 ж. 4 000 дана.

2. «Аштықты ұстау – денсаулықтың кепілі» – 2007 ж. 5000 дана.

3. «Рух пен тәннің саулығы» – 2007 ж. 2000 дана.

4. «Жүйке жүйесінің тылсымы» – 2007 ж. 2000 дана.

5. «Ақыл есті билеп алған жоқшылық пен кедейшіліктен қалай құтылуға болады?» – 2007 ж. 5000 дана.

6. «Желілі бизнестің көмегімен ақымақтық пен жоқшылықтан қалай құтылуға болады?» – 2008 ж. 4000 дана

7. «Тибет медицинасының өнімдерінің негізінде – желілі жеке бизнесті құрудың құпиясы» – 2008 ж. 2000 дана.

8. «Жаратушыны әруақтар арқылы тану немесе «Ақ ананың» тылсым дүниелері» – 2008 ж. 1000 дана.

9. «Өз тағдырыңды – өзің қалай өзгертуге болады?» – 2009 ж. 2000 дана.

10.«Сен неге кедейсің? Сен неге қарыздарсың? Немесе мол ақша табу үшін не істеуіміз керек?» – 2009 ж. 7000 дана.

11.«Өз тағдырыңды өзің қалай түбірімен өзгертуге  болады» – 2010 ж.4 000 дана.

12. «Бүгін мен: имандылыққа, бақытқа, молшылыққа, махаббатқа толы жаңа өмірімді бастаймын» – 2014 ж. 10 000 дана.

13. «Бақыт құсыңды басыңа қондырудың құпиялары» 2016 ж. 10 000 дана.

Әсет Ризаұлы Мұқашбеков не кәсіпқой жазушы, не журналист, не бақсы, не емші, не көріпкел, не құмалақшы, не балгер емес. Әсет Ризаұлына Құдайдың құдіретімен «жанды жетелеуші» орысша айтқанда «проводник души» қасиеті 2009 жылы Грецияда Зевс туған, Геракл ерліктерін жасаған «Крит» аралында қонып, Маңғыстау өңірінде саябыр тауып жатқан пір Бекет атаның және Самарқанд қаласында жерленген ұлы қолбасшы жаһангер Әмір Темірдің мазарында үшінші тылсым көзі ашылған - Рухани Ұстаз. Әсет Ризаұлы Мұқашбековпен сеанс барысында адам санасы арқылы: Құдайдың кереметтерін, шексіз құдіретін өзі кино көргендей көріп, жүрегімен сезіп отырады. Әсет Ризаұлының Жаратушы дарытқан қасиеттері:

1. қара дұға, тіл, көз тигендерді тазалау;

2. ата-бабасы алған қарғысты алу;

3. адамның өмірдегі және бизнестегі жолын ашу;

4. ниетін (аурасын) тазалау;

5. аяқ-қолындағы кісенді шешу; 

6. жүрегінің кірін аршу;

7. періштелерін, бақ құсын қайта қайтарып, өзіне қондырып беру;

8. сырқаттарын жеңілдету, аурасын жамау, бойындағы үрейін, қорқынышын алу;

9. сана мен ойлау жүйесін толық тазалау;

10. санасының, ойлау жүйесінің бағдарламасын түбегейлі жақсы жаққа өзгерту;

11. шаңырағын, ауласын, автокөлігін, қора-қопсысын жын-шайтан перілерден, қаралықтардан тазалау;

12. жанұясына, үйіне және 7 (жеті) ұрпағына дейін – қара дұғадан, тіл көзден, жын-шайтан перілерден, төменгі әлемнің жан иелерінен, қаралықтардан т.б. келеңсіздіктерден қорғайтын қорған қоршау салады;

13. Жаратушының құдіретімен: Жалғыз бастылардың бойына ұялап алған жын-шайтандарды қуады;

14. қара дұғаның кесірінен тұрмысқа шықпай жүрген қыз-келіншектер, сүр бойдақ жігіттер, жігіт ағалары, кәрі қыздар өзерінің Құдай қосқан қосақтарын тауып, бір бастары екеу болып, балалы-шағалы, бақытты әрі екі дүниенің қанатын тең ұстайтын болады.

Әсет ағаға арнау!

Әсет аға! асыл жарсыз, немеренің атасы,

Дуалы ауыз қалт кетпейтін батасы.

Дүние қуған мына қиын заманда,

Талай жанның болып жүрсіз панасы.

Деніңіз сау, аман болсын басыңыз,

Құтты болсын пайғамбарлық жасыңыз!

Ұстаз болып, бағыт бағдар беретін,

Іліміңмен көпке шуақ шашыңыз.

Бір Алла ғой жанымыздың тұрағы,

Бақытыңның өрден ақсын бұлағы.

Еңбегіңнің тек зейнетін көре бер,

Келер күннің сәулелі боп шуағы.


Сандуғаш Серікқали, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың иегері, Қазақстан журналистер академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығының лауреаты. Журналист – аудармашы.